| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 09:29
 

Қазақ боксшы АЧ-де өзбек қарсыласынан жеңіліп жатып есе қайтарып алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшы АЧ-де өзбек қарсыласынан жеңіліп жатып есе қайтарып алды ©Kazakhstan Boxing Federation

Қазақстандық боксшы Ақжүрек Қалабай 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 2026 жылғы Азия чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Ақжүрек Қалабай 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 2026 жылғы Азия чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Өзбекстан боксшысы Иброхим Шокиржоновпен кездесті.

Алғашқы раунд қарсыластың пайдасына жазылғанымен, кейін Ақжүрек Қалабай жекпе-жектің барысын өз пайдасына өзгертіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен 5:0 есебінде жеңіске жетті.

19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында өтіп жатыр.

Құрлық біріншілігінде Қазақстан намысын ерлер мен әйелдер арасындағы екі жас санатында жалпы саны 39 боксшы қорғауда.

Бұған дейін U19 санатында Едіге Нұрғожа (55 кг), Досжан Жұмқан (60 кг) және Әділ Асканбай (50 кг) ширек финалға жолдама алған болатын.

Ал 23 жасқа дейінгі санатта Асылхан Қошербай (65 кг) мен Нұрасыл Төлебек (60 кг) 1/8 финалдағы жекпе-жектерінде жеңіске жетіп, турнир жүлдесі үшін күресті жалғастыруда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!