Қазақстандық боксшы Бейбарыс Әшірбай Бангкокте (Тайланд) өтіп жатқан жастар (U-19 және U-22) арасындағы Азия чемпионатында сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
19 жасқа дейінгі спортшылар арасында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әшірбай түрікменстандық Фарух Юлдашевтан басым түсті.
Алғашқы раундтардан бастап қазақстандық боксшы бойының ұзындығын ұтымды пайдаланып, джебпен қашықтықта жұмыс істеп, қарсыласын дәл оң қолымен күтіп алып отырды. Юлдашев жақындауға тырысқанымен, нәтиже болмады. Үшінші раундта Аширбайдың соққысынан кейін түрікмен боксшысының мұрнынан қан ағып, төреші жекпе-жекті уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.
Үзілістен кейін жекпе-жек қайта жалғасып, Бейбарыс Әшірбайдың жеңісімен аяқталды.
Жарнама