Коломбо (Шри-Ланка) қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық Нұрислам Қалдыбаев турнирдің финалына жолдама жеңіп алды. Жартылай финалда ол жергілікті боксшы Мудалиге Дешан Джаясундарадан басым түсті. Жекпе-жектің бірінші раундында-ақ Қалдыбаев қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түмірген соң төреші кездесуді тоқтатты.
Бүгін Қазақстан құрамасынан тағы бірнеше боксшы сәтті өнер көрсетті:
48 кг салмақта Тлеуберді Сүлеймен Тәжікстандық Муинходжа Муминовты 4:0 есебімен жеңді;
51 кг салмақта Диас Берікбай Непалдық Арпил Рананы сенімді түрде 5:0 есебімен ұтты;
57 кг салмақта Жасурбек Анарбаев тағы бір непалдық қарсыласын – Бир Сингх Лимбуды 5:0 есебімен тізе бүктірді.
Жарнама