Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда ол үндістандық боксшы Сачин Сачинге қарсы шықты.
Алғашқы раундта үндістандық төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен (5:0) басым түсті. Алайда қалған екі раундта Асылқұлов жағдайды өз пайдасына өзгертіп, 3:2 және 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Қорытындысында жекпе-жек қазақстандық спортшының пайдасына төрешілердің бөлек шешімімен (3:2) аяқталды.
Жарнама