Ордабаев карьерасындағы екінші жекпе-жегін Ресейдің Каневская станицасында өткен "Гладиатор - 5" бокс кешінде өткізді. Ордабаевтың қарсыласы ресейлік Александр Салтыков болды, оның жекпе-жекке дейінгі рекорды 12-58-3, 7 КО болған.
Екінші жартылай жеңіл салмақта өткен жекпе-жек алты раундқа есептелген болатын, алайда, екінші раундта қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқойдағы екі жекпе-жегін де нокаутпен аяқтап отыр.
Ордабаев кәсіпқой рингке алғаш рет қыркүйекте Мәскеуде шығып, белоруссиялық Антон Бекишті (5-21-1, 4 КО) екі рет нокдаунға түсіріп, берілуге мәжбүр еткен.