Бокс
3 маусым 2025 08:57
 

Қаза пен өзбек боксшылар құрлықта ең мықты екені мойындалды

  Пікірлер

blog.share

Қаза пен өзбек боксшылар құрлықта ең мықты екені мойындалды ©

Бангкок қаласында Азиядағы ең ірі халықаралық бокс турнирлерінің бірі — Thailand Open-2025 аяқталды. Бұл жарысқа құрлықтың ең мықты спортшылары жиналған болатын, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бангкок қаласында Азиядағы ең ірі халықаралық бокс турнирлерінің бірі — Thailand Open-2025 аяқталды. Бұл жарысқа құрлықтың ең мықты спортшылары жиналған болатын, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан мен Өзбекстан Азияда ең мықты екенін көрсетті

Бокс туралы жазатын AsianBoxing.org порталының мәліметінше, жарыста Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары көш бастады - әрқайсысы бес алтыннан жеңіп алды.

Ерлер мен әйелдер арасындағы 20 салмақ дәрежесінде өткентурнир - ең жеңілден бастап аса ауыр салмаққа дейін - Азиядағы бокс деңгейінің айқын көрсетті. Қазақстандық және өзбекстандық боксшылардың өнері жүелі дайындық пен құрамалардың қаншлықты мол екенін көрсетті.

Қазақстан құрамасынан алтын алғандар:

• Торехан Сабырхан (ерлер, 70 кг)
• Диас Молжігітов (ерлер, 80 кг)
• Виктория Графеева (әйелдер, 60 кг)
• Елдана Тәліпова (әйелдер, 80 кг-нан жоғары)
• Наталья Богданова (әйелдер, 70 кг)

Өзбекстан құрамасының жеңімпаздары:

• Шодиержон Мелиқузиев (ерлер, 50 кг)
• Фарезбек Дусматов (ерлер, 55 кг)
• Нусратбек Тохиров (ерлер, 85 кг)
• Фарзона Фозилова (әйелдер, 48 кг)
• Азиза Зокирова (әйелдер, 75 кг)

Турнир иелері — Таиланд құрамасы үш алтын жеңіп алды. Сондай-ақ Қытай, Үндістан, Иордания, Украина және Тайвань спортшылары да жүлдегер атанып, жарыстың халықаралық ауқымын кеңейтті.

AsianBoxing.org порталының пікірінше, Thailand Open-2025 — нағыз бокс мерекесіне айналып, құрлықтағы ең маңызды оқиғалардың бірі екенін дәлелдеді. Бұл жарыс — чемпиондар үшін де, жаңа жұлдыздар үшін де, үлкен мүмкіндік болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!