"Қайғылы оқиғадан сақтады". Шетелдік сарапшы Батыр Жүкембаев бапкерінің шешімін құптады
ESPN Knock Out сарапшысы Фернандо Барбоса қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (18-1, 14 КО) кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне қатысты пікір білдірді. Ол боксшының командасы (бапкер Мэнни Роблес) жекпе-жекті тоқтатып, дұрыс шешім қабылдады деген ойда, деп хабарлайды Vesti.kz.

Батыр өткен демалыста Лос-Анджелестегі бокс кешінде пуэрториколық Сабриэль Матиаспен (17-1, 17 КО) жұдырықтасты. 12 раундқа есептелген айқас сегізіншісінен кейін тоқтатылды.
"Сабриельдің Жүкембаевтан толықтай басым түскені таңдандырады... Матиас масқара жұмыс істеді! Жүкембаевтың командасы қайғылы оқиғадан сақтанды, дұрыс шешім, жұмыстарын жақсы атқарды", - деп жазыпты ол Twitter желісінде.
Impress how Subriel fully dismantled Jukembayev...What a job by Matias! Jukembayev's corner avoided a tragic situation, wise decision and job well done.
— @BarbosaBox (@BarbosaBox) May 31, 2021
Жарнама