Бокс
15 қазан 2021 11:30

"Қайда жүр өзі?". "Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы сұраққа қатқыл жауап берді

©HBO

Бокстан екінші орта салмақта әлем чемпионы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Чемпионат".

"Бәріне дайынмын, ең үздік жекпе-жектер өткізуге. Сіздер, журналистер, осы трилогияны сұрай бересіздер. Мен одан маңызды істермен айналысып жүрмін. Ол қайда жүр? Менімен жекпе-жектен кейін не істеді? Ештеңе.

Бұған уақытымды жоғалта алмаймын. Мен карьерамдағы басқа да маңызды істермен айналысамын. Чемпиондарды, жеңілмеген боксшыларды жеңемін", - деп келтіреді мексикалықтың сөзін ESPN Deportes.

Бұған дейін Канело Головкинмен екі жекпе-жек өткізген. 2017 жылы алғашқы кездесу тең аяқталған, ал 2018 жылы екінші жекпе-жекте мексикалық жеңген болатын.

6 қарашада екінші орта салмақта WBA, WBO және WBC белбеулерінің иесі Альварес америкалық боксшы, IBF чемпионы Калеб Плантпен жұдырықтасады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport