Бокс
20 желтоқсан 2021 15:58

"Қай соққымен есеңгірететінін білемін". Экс чемпион "Канело" мен Бетербиев айқасы туралы

©MSN

Әлемнің бұрынғы чемпионы Тони Беллью ресейлік Артур Бетербиев (17-0, 17 КО) пен Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) жекпе-жекке шақса не болатынын айтты, деп хабарлайды vringe.com.

Мексикалық боксшы жартылай ауыр салмақтағы WBO белбеуі үшін айқаста Сергей Ковалевті 11-ші раундта нокаутқа түсірген еді. Бетербиев осы дивизионда WBC және IBF чемпоны.

"Канело" Бетербиевті де тоқтата алады. Артурдың алдыңғы жекпе-жектерінен нашарлағанының белгісін көрдім. Тіпті "Канело" оны қандай соққымен есеңгірететінін де білемін. 

Жартылай ауыр салмақта Альварес күшін азайтпайды. Бұл оның Сергей Ковалевпен кездесуінде дәлелденді. Егер "Крашермен" солай етсе, Бетербиевпен де жасай алады. Дегенмен жекпе-жекті жасайтын стилдер екенін есте сақтайық", - дейді Белью. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport