Бокс
4 маусым 13:09
 

Қауіпті проспект! Әлімханұлының келесі қарсыласы кім болатыны айтылды

  Пікірлер

blog.share

Қауіпті проспект! Әлімханұлының келесі қарсыласы кім болатыны айтылды ©Тұрара Қазанғапов

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) келесі қарсыласы болуы мүмкін боксшының есімі аталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) келесі қарсыласы болуы мүмкін боксшының есімі аталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жәнібек үшін қауіпті қарсылас па?

Ол WBA рейтингінің көшбасшысы, кубалық Йоэнли Эрнандес (8-0, 7 KO) болуы мүмкін. 27 жастағы бұл проспект кәсіпқой рингте көп айқаспағанымен, өз салмағында кез келген боксшыға қауіпті қарсылас ретінде танылып үлгерген. Сонымен қатар, ол орта дивизион рейтингінде жоғары орындарға ие.


Оның промоутері Луис Де Кубас кубалыққа Әлімханұлымен жекпе-жек ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын айтты. Эрнандес командасы жақын арада WBO басшысы Густаво Оливьеримен кездеспек, ал қазқастандық осы ұйымның чемпионы.

"Біз кез келген қарсыласқа дайынбыз. Егер келесі Жәнібек болса - солай болсын", — деді Де Кубас.

Сарапшылар бұл ықтимал жекпе-жекті жоғары бағалап отыр, себебі Йоэнли чемпиондыққа ұмтылып жүр, ал Жәнібекке қарсы жұдырықтасуға көп боксшының батылы жетпейді.

"Жәнібек Әлімханұлы - мінсіз қарсылас. Тек деңгейі үшін емес, оған қарсы рингке шығуға ешкім тәуекел еткісі келмейтінімен де. Бірақ Эрнандес - кезекті бір үміткер емес. Ол өзінің орта салмақты бағындыратын уақыты келді деп сенеді", — деп жазады Brunch Boxing.

Еске салайық, 5 сәуір күні Әлімханұлы Астанада франциялық Анауэль Нгамиссенгеге (14-1, 9 KO) қарсы жекпе-жек өткізіп, бесінші раундта нокаутпен жеңіп, белбеулерін сәтті қорғаған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!