48 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына жолдама үшін жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай финалда қазақ боксшы үндістандық Говинд Кумар Саханимен айқасып, қазақстандық боксшы 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, үндістандық боксшы баспен қауіпті қимыл жасағаны үшін бір ұпайдан айырылды.
Осылайша, Санжар финалға өтіп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасынан финалға Серік Темріжанов өтті.