Бокс
22 қыркүйек 2021 16:01

"Қауіпсіздігіне ешкім кепіл бола алмады". UFC президенті Альварес пен Планттың төбелесі жайлы

©fightnews

UFC президенті Дана Уайт мексикалық Сауль Альварес пен Калеб Плант арасында көз арбасу сәтіндегі оқыс жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Ұйымдастырушылар бұл бизнесте көп уақыттан бері жүрсе де, мұндай жағдайды жіберіп алуы дұрыс емес. Әлемдік деңгейдегі екі спортшы бір-біріне жақын тұрған сәтте олардың жанында ешкім болмай шықты. Бұл ретте жекпе-жекке жауапты адамдар үлкен айқастың өтпей қалуын ескермеген. Себебі қос мықты былғары қолғап шеберін мұндай жағдайда жеке-дара қалдыруға болмайды. Олардың қауіпсіздігіне ешкім кепіл бола алмады", - дейді Уайт ММА Fighting басылымына берген сұхбатында.

 Еске салайық, екінші орта салмақта WBA и WBC белбеуі бар "Канело" мен IBF белбеуінің иесі Калеб Плант көз арбасу сәтінде бір-бірімен жұдырықтасты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport