Бокс
11 маусым 2020 14:09

"Қатарынан екі соққы, нокаут". Флойд Мейвезер ізбасары Головкин стилінде жұдырықтасып жүр

© Report Door
Жартылай жеңіл салмақта WBO чемпионы америкалық Шакур Стивенсон (14-0, 7 KO) пуэрториколық Феликс Карабальоға (13-2-2, 9 KO) қарсы жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) стиліне ұқсас бокс көрсетті, - деп хабарлайды sports.ru.


Сарапшылар мен БАҚ өкілдері 22 жастағы Стивенсонды әйгілі Флойд Мейвезердің ізбасары деп атайды. Соның ішінде, екі салмақта бұрынғы әлем чемпионы Тимоти Брэдли де осындай пікір айтқан. Стивенсон - Караьбальо жекпе-жегі пандемиядан кейінгі АҚШ-тағы алғашқы бокс кешінде өтіп, алтыншы раундта нокаутпен аяқталды.

"Карабальо екінші раундтан аспайды деп болжағандар көп боды. Бірақ Шакур асықпады, қарсыласына жақыннан жұдырықтасуына мүмкіндік берді де, соққы алмасудан қашқан жоқ. Бұл Флойд Мейвезер емес, Геннадий Головкиннің мексикалық деп аталатын стиліне ұқсады. Стивенсон таңдаған тактиканы қарысластар деңгейінің айырмашылығымен түсіндіруге болады. Тым айқын алшақтық секундтан-ақ білінді: Карабальо алғашқы раундта нокдаунға түсті. Ал бесінші раундта дәл соққылар айырмашылығы 85 те 12 болды.

Нокаут алтыншы раундта болды. Феликстің жағы тым мықты екенін түсінген Шакур денеден ұра бастады. Біреуі белден төмен кетіп қалғаны рас, содан кейін ол ескерту алды. Алайда оның артынан кеткен ауыр екі соққы пуэрториколықты нокаутқа түсірді", - деп жазыпты басылым.