Бокс
14 тамыз 14:56

Қасына қылмыскерлерді жиған боксшы Канелоны қатын деп атады

©boxingscene.com

Тегі пуэрториколық боксшы Эдгар Берланга (22-0, 17 КО) 14 қыркүйектегі Сауль Канело Альвареспен (61-2-2, 39 КО) жекпе-жек алдында қарсыласына құрметсіздік танытты. 

АҚШ атынан жұдырықтасатын боксшының сөзінше, Канело бұған дейін әлі өзі сияқты соққысы ауыр қарсыласпен кездесіп көрген емес. 

"1000 пайыз! Спаррингтерде мен суперауыр салмақтағыларды құлатамын! Салмағы 105-110 келі жігіттер шығады, ал мен оларды ұйықтатамын. Менің командамда көбі отырып келген, бұрынғы қылмыскерлер. Сондықтан менің менталитетім бөлек. Мен - рингтегі баскесермін. 

Канело өзін құрметтегенді қалайды. Ол бір нәзік сілімтікке айналып кеткен. Бенавидес салмақ өлшеуден кейін рингке шыққанда өзінен 9 келі ауыр болып тұратындықтан, онымен айқасым келмейді дейді. Оның қандай маңызы бар? Канело - кәдімгі қатын", - деп береді Берланганың сөзін vRINGe.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport