Қастық па? Ербосынұлымен болған жағдайға кім кінәлі екені ашық айтылды

©insider.com

Америкалық белгілі сайт Boxingnews24.com кубалық Давид Моррел мен Айдос Ербосынұлы арасында жекпе-жекті ұйымдастырған Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) үлкен қателік жасағанын ашық жазды.

Міндетті қорғау үшін чемпионға мықтырақ және үлкен айқастарға дайын қарсылас табу керек болғаны да айтылды. 

"30 жастағы қазақстандық Ербосынұлы бәсекелесуге қабілетсіз болды, әсіресе кейінгі раундтарда. Моррелге қарсы Айдостың қолының жылдамдығы да, бокстағы дағыдысы да жетпеді. Бір жақты өткен айқасты алаңдап отырып көрдік. 

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы Ербосынұлын Леннокс Алленді жеңгеннен кейін WBA титулына міндетті қарсылас етті де, ары қарай ешқандай көмек көрсетпеді. Айдостың жеті жылдық карьрасында Аллен жалғыз ғана белгілі боксшы, оның өзінде атақты емес. 

WBA Моррелге қарсы дайынырақ қарсылас таңдау керек еді. Өйткені жекпе-жекке дейін де Ербосынұлы чемпионмен бір санатта емес екені айқын болды", - деп жазыпты сайт. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport