Қасрыласын нокаутқа түсірген қазақстандық боксшы WBC ұйымынң ТОП-15 рейтингіне кірді

© TOP RANK
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) титулды жекпе-жектегі нокаутпен жеңістенн кейін Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) ТОП-15 рейтингіне кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен демалыста Фреснодағы Chukchansi Park аренасында Әлімханұлы канадалық Альберт Онолуносемен кездескен. Жекпе-жек он раундқа есептелген еді, бірақ алтыншы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға, кейін нокаутқа түсірді.

Осы жеңістің арқасында Жәнібек WBC ұйымының ТОП-15 рейтингінде 15-ші орынға көтерілді. 

Осылайша, Әлімханұлы титулын қорғап, сегіз жекпе-жегінің бәрін жеңіспен аяқтады, оның төртеуі - нокаутпен. Ал Онолуносе 24 рет жеңіп, бір рет тең түсіп, үшінші рет жеңілген.

"Аз уақытта шулатады". Амеркиалық сарапшы GGG-дің орнын басатын қазақ боксшыларды атады