Қасрыласы жекпе-жектен бас тартқан Тұрсынбай қиындыққа тап болды

Сурет: instagram.com/kulakhmet_tursynbay

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (3-0, 2 KO) украиналық Станислав Скороходтың (20-2, 17 КО) орынна басқа қарсылас табу қыиндық тудырып жатқанын айтады, деп хабарлайды Vesti.kz

Боксшылар арасындағы кездесу 10-шілде Алматыда өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегі болу керек еді. Скороход жарақат салдарынан жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. 

"Баршаңызға Ассалаумағалейкум. Өздеріңіз білетіндей Украиналық боксшы жекпе-жектен бастартты. Оған дейінде басқада мықты боксшыларға ұсыныс жасаған болатынбыз бәрі жекпе-жек өткізуден бастартып жатыр. Бұл жекпе жегіме қарсылас табу қиындау болып тұр. Әр істің өзінің қайыры бар #иншаллах. Жақын арада украиналықтық орнын ауыстыратын қарсыласты хабарлаймыз жаңалық күтіңіздер", -  деп жазыпты Тұрсынбай Instagram желісінде.

Еске салайық, Тұрсынбай кейінгі рет сәуірде Дубайда жұдырықтасып, внесуэлалық Эбер Рондонды (20-1, 13 КО) 70 секундта нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBC International титулын қорғап қалған еді.