"Кәсіпқойға екпінмен кірді". ESPN арнасының комментаторы болашағы зор қазақ боксшыларды атады

Сурет: instagram.com/mtkglobal

Америкалық ESPN арнасының латынамерикалық комментаторы әрі журналисті Армандо Мендоза Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның болашағы зор кәсіпқой боксшыларын атады. 

Сонымен бірге, ол бұл боксшылардың өзге отандастарынан артықшылығын айтты.  

"Маған қазақстандық боксшылардың жаңа буыны ұнайды. Кейінгі уақытта екі талантты боксшы өзіне назар аудара алды: Бек Нұрмағанбет және Тұрсынбай Құлахмет. Олар кәсіпқой рингке екпінмен кірді. Бір қызығы, олардың тәжірибесі аз, алайда, тәжірибелі отандастарымен салыстырсақ, олардың әлеуеті өте зор. Екеуі отанында жүріп-ақ, бір жылда осындайға қол жеткізді. Бұл карьераның тамаша бастауы.

Мен боксшылардың кәсіпқойға ертерек өтуін қолдаушымын. Қалыптасқан боксшы ретінде кәсіпқойға ауысқанда жетістікке жету қиын. Кәсіпқой бокс - мүлде басқа дүние. Сондықтан ертерек бастаған жөн. Бұл жақсы көрсеткіштер береді", - деп атап өтті Мендоза.