Бокстан Қазақстан құрамасындағы Тұрсынбай Құлахмет Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Абдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалына жете алмады.
80 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда ол украиналық Никита Засенокпен жұдырықтасты.
Бұл жекпе-жекте Засенок бірінші нөмірмен жұмыс істеп, жылдам әрі соққыларын дәл тигізіп отырды. Тұрсынбай да соққыларын жеткізіп отырды, дегенмен тез шаршап қалды да жеңіліске ұшырады.