WBO ұйымы барлық салмақта рейтингін жаңартты. Жаңа тізімде Қазақстан және Өзбекстан боксшыларының орны өзгерді.
Осылай бұрын орта салмақта алтыншы болған Мейірім Нұрсұлтанов топ-15 тізімнен шығып қалды.
Бірнеше өзбек боксшы да осындай жағдайға тап болды. Екінші өте жеңіл салмақта Муроджон Ахмадалиев (12-орында болатын) үздік 15-тен төмендеп қалды. Оның артынша ауыр салмақтағы Баходир Джалолов (15-ші еді) және минималды дивизиондағы Хасанбой Дусматов (10-шы болатын) та рейтингте құлдырады.
Ал екінші орта салмақтағы Бектемир Меликузиев керісінше, екі саты жоғарлап, қазір 9-орында. Исраил Мадримов оныншы орынға жайғасты, ал Олимжон Назаров ең жеңіл салмақта үштен екінші орынға көтерілді.