Бокс
29 қараша 2021 09:13
 

Кәсіпқойда жеңілмеген қазақ боксшы 11 нокауты бар мысырлықпен жекпе-жекке шығады

  Пікірлер

blog.share

Кәсіпқойда жеңілмеген қазақ боксшы 11 нокауты бар мысырлықпен жекпе-жекке шығады ©MTK Global

Кәсіпқойда жеңіліп көрмеген қазақ боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) 18 желтоқсан Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешінде рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Кәсіпқойда жеңіліп көрмеген қазақ боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) 18 желтоқсан Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешінде рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz

BoxRec мәліметінше, Жанқоштың қарсыласы 39 жастағы мысырлық Абдумонем Саид (22-1-1, 11 КО) болады. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген.

31 жастағы Тұраров 2019 жылы WBO ұйымының құрлықтық титулын жеңіп алған, ал 2021 одан қорғаусыз айырылып қалды. 

Еске салайық, бұл бокс кешінің басты айқасында Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) жартылай орта дивизионда IBO белбеуі үшін "Құтырған" мексикалық Данте Хардонмен (34-7, 25 КО) жұдырықтасады. Ал тағы бір басты кездесуде ауыр салмақтағы нокаутшы Иван Дычко (10-0, 10 КО) ресейлік Александр Устиновпен жекпе-жекке шығады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!