Кәсіпқойда бес жекпе-жек қана өткізген Жүсіпов 19 нокауты бар никарагуалықпен айқасады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Абылайхан Жүсіповтің (3-0, 2 КО) кезекті қарсыласы белгілі болды. Ол 26 тамыз күні Талса (АҚШ, Оклахома штаты) қаласында жекпе-жекке шығады.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Абылайхан Жүсіповтің (3-0, 2 КО) кезекті қарсыласы белгілі болды. Ол 26 тамыз күні Талса (АҚШ, Оклахома штаты) қаласында жекпе-жекке шығады.
BoxRec.com ақпараты бойынша, отандасымыз 31 жастағы никарагуалық боксшы Уистон Кампоспен (33-11-6, 19 КО) жұдырықтасады. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.
Абылайхан Жүсіпов пен Уистон Кампос Top Rank ұйымдастырып жатқан америкалық Джаред Андерсон (15-0, 14 КО) мен украиналық Андрей Руденко (35-6, 21 КО) арасында өтетін бокс кешінің андеркатында қолғап түйістіреді.
Сондай-ақ бұл бокс кешіндегі басты жекпе-жектердің бірінде тағы бір отандасымыз Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) де шаршы алаңға оралады. Ол нигериялық Эфе Аджагбамен (17-1, 13 КО) шайқаста өзара мықтыны анықтайды.
Жарнама