Кәсіпқойда ауыр салмақ "патшасы" кім болатыны айтылды

©grandnews.ru

Америкалық боксшы Джаред Андерсон (17-0, 15 КО) алдағы уақытта ауыр салмақта Тайсон Фьюри, Энтони Джошуа және Александр Усиктің орнын басатын боксшыны атады, деп жазады Vesti.kz.

Оның ойынша, ондай боксшы өзбекстандық Баходир Джалолов.

"Айту қиын, өйткені өткізіп алған бір ғана соққы біреудің карьерасын құртуы мүмкін. Өте қиын. Бірақ бір-екі шебер боксшы бар. Джастис Хуни сияқтылар. Ол өте шебер сияқты, сондықтан неге жете алатынын көреміз. Баходир Джалолов та мықты. Оны жеңу оңайға соқпайды. Егер оның алдыңғы қолынан сақтана алсаң, арғы жағы оңай сияқты", - деп береді Андерсонның сөзін vRINGe.com.