Жарнама

Бокс
Бүгін 10:53
 

Кәсіпқойда 32 айқас өткізген. Өзбекстан боксшысы АЧ-де қарсыласын нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Кәсіпқойда 32 айқас өткізген. Өзбекстан боксшысы АЧ-де қарсыласын нокаутқа түсірді ©ӨБФ

Өзбекстан құрамасының боксшысы Абдуллох Мадаминов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Өзбекстан құрамасының боксшысы Абдуллох Мадаминов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

65 келіге дейінгі салмақта ол Сингапур боксшысы Каелан Кларкпен кездесті. Жекпе-жек барысында Мадаминов қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсіріп, нәтижесінде үшінші раундта төреші біржақты өткен айқасты тоқтатуға шешім қабылдады.

Айта кетейік, турнир World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатыр және 10 сәуірге дейін жалғасады.

Қазақстандық боксшыларға келсек, 2 сәуір күні рингке тек Ертуған Зейнулинов шығады. Ол 65 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Қытай Тайбэйінен келген Ю Линмен жұдырықтасады.

Вoxrec.com порталындағы ақпарат бойынша, Мадаминов кәсіпқойда 32 жекпе-жек өткізіп, жиырма жетісінде жеңіске жеткен екен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!