Кәсіпқой карьерасы енді басталған қазақ боксшы 17 нокауты бар "Акуламен" айқасқа шығады

6 қыркүйек 2021 11:29
Сурет: instagram.com/nurmaganbet.bek/

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (4-0, 2 KO) келесі жекпе-жегін 12 қыркүйекте өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec мәліметінше, Бек Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешінде "Акула" лақап атты мексикалық Бруно Сандовалмен (21-4-1, 17 КО) жұдырықтасады. Он раундқа есептелген айқаста екінші орта салмақтағы WBA International титулы сарапқа салынады.

Еске салайық, Бек Нұрмағанбет әуесқойда 2019 жылғы Азия чемпионы. Ол былтыр маусымда Қазақстан құрамасынан кетіп, кәсіпқой карьерасын бастаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: