Англияда 1 ақпанда өткен бокс кешінде ирландиялық Джон Куни британиялық Натан Хауэлспен Ұлыбритания чемпионы атағын сарапқа салған болатын, деп жазады The Sun.
Жекпе-жек тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен бітіп, Куни үшін қайғылы аяқталды.
Жекпе-жектен кейін боксшыны бірден ауруханаға алып кетті. Медициналық мекемеде Куниге бас сүйектің ішкі қысымын түсіру үшін операция жасалды. Алайда дәрігерлердің барынша күш салғанына қарамастан, боксшы жансақтау бөлімінде бір апта жатқаннан кейін көз жұмды.
Куни кәсіпқой карьерасын 2020 жылы бастап, бес жылда 12 жекпе-жегінің он бірінде жеңіске жетіпті. Хауэлстен жеңіліс оның карьерасындағы алғашқы және өміріндегі соңғы болып отыр.