"Кәсіпқой бокста ешкімге жеңілмеді". Ресейлік боксшы "Канело" мен Бивол жеңімпазын атады

©championat

Жартылай ауыр салмақта әлемнің экс-чемпионы Сергей Ковалев 7 мамырда өтетін WBA белбеуіне ие Дмитрий Бивол мен екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес арасындағы айқасқа қатысты болжамын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Болжам жасағанды ұнатпаймын. Алайда Дмитрий Бивол үшін қуаныштымын. Оның карьерасында әлі мықты қарсылас болмады. Кезінде "Канеломен" айқасқанымда тыңғылықты дайындалуыма уақыт жетпеп еді. Ал Биволда жекпе-жекке дейін әлі жақсылап дайындалуына уақыты бар. Жалпы алғанда Дмитрий Биволда мексикалық қарсыласын жеңетін мүмкіндігі бар. Оның үстіне жеке рекордына нұқсан келтірмеуге тырысады. Ол әлі кәсіпқой бокста ешкімге жеңілмеді. Жерлесіме жеңіс тілеймін", - деді Ковалев.

Еске салайық, 7 мамыр күні Альварес жеңіске жеткен жағдайда осы жылдың қыркүйегінде Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО)  үшінші рет қолғап түйістіреді. Оған дейін Головкин күншығыс елінде WBA "суперчемпионы" Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар