Семей қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Санатәлі Төлтаев финалға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Төлтаев Әбдіғалым Абдекеріммен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Финалда ол Ертуған Зейнуллиновпен кездеседі. Зейнуллинов өз кезегінде жартылай финалда Илья Калининді айқын басымдықпен жеңіп шықты.
Санатәлі Төлтаев — 2017 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы, жастар ойындарының жеңімпазы, 2017 жылғы ел чемпионатының қола жүлдегері, 2018 жылы Қазақстан чемпионы, сондай-ақ 2019 жылы ересектер арасындағы Азия біріншілігінің қола жүлдегері. Кәсіпқой бокстағы көрсеткіші: 4 жеңіс (оның екеуі нокаутпен) және 1 жеңіліс.
Қазақстан чемпионаты 21 қазанға дейін жалғасады. Турнир қорытындысы бойынша ұлттық құраманың 2026 жылғы жаңартылған құрамы жасақталмақ.
Жарнама