Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров үшінші рет әке атанды

Сурет: instagram.com/zhankoshturarov

Бірінші жартылай орта салмқта WBO Inter-Continental титулына ие қазақстандық Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) үшінші рет әке атанды. Бұл туралы ол Instagram желісінде хабарлады.

Отбасында үшінші қыз дүниеге келді. 

Еске салайық, кейінгі рет Тұраров рингке 2019 жылы Нұр-Сұлтанда шығып, нокаутпен жеңістен кейін титул жеңіп алған. Жанқош келесі жекпе-жегін 3 сәуір британиялық Тайрон Маккеннаға (21-2-1, 6 КО) қарсы Дубайда өткізеді.