Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет 12 шілде күні жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жекпе-жек туралы боксшының өзі хабарлады. Бек кәсіпқой бокстағы 15-ші шайқасына шығады. Соңғы рет 6 сәуір күні коста-рикалық Енкарнасион Диасты жеңіп шыққан болатын.
Отандасымыз кәсіпқой бокста барлығы 14 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. 12 кездесуінде нокаутпен ұтқан.