"Қашып жүрген жоқпын". Үш титул жеңіп алған "Канело" Головкинмен жекпе-жекке келісті

20 желтоқсан 2020 13:01
Сурет: DAZN©

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) британиялық Каллум Смитті (27-1, 19 КО) жеңгеннен кейін қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші рет жұдырықтасу туралы сұраққа жауап берді,- деп хабарлайды Vesti.kz

- Кеше Геннадий Головкин жеңіске жетті. Алда үшінші жекпе-жектерің өтуі мүмкін бе?

- Ешкімнен қашып жүрген жоқпын. Ең мықтылармен жұдырықтасамын. Үшінші жекпе-жек өткізу мүмкіндігі болса, қабыл аламын. Бірақ мықтылармен жұдырықтасып жатқанымды көрсеттім.

Айта кетейік, бүгін, 20 желтоқсан Альварес төрешілер шешімімен британиялқ Каллум Смитті (27-1, 19 КО) жеңіп, екінші орта салмақта WBC, WBA (Super) және The Ring титулдарын иеленді. 

Жаңалықтар