"Қашып жүрді...". Ресейлік нокаутшы ӘЧ-де қазақтан жеңілгенін мойындамады

©РИА Новости

Ташкентте өткен ӘЧ-де қола жүлдегер атанған ресейлік боксшы Имам Хатаев жартылай финалда Нұрбек Оралбайдан жеңілгеніне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 80 келіде өткен болатын. 

- Сіз нәтижеден көңіліңіз қалғанын айттыңыз?

- Алтын аламын деп бардым. Бұл менің қолымнан келетініне сенімдімін. Бірақ бәрі осылай болды. Нұрбек Оралбаймен айқастағы қазылардың шешімімен келіспеймін. Бірінші раундта бес қазының төртеуі жеңісті оған берді, ал екінші раундты толықтай. Бейнетаспаны көргеннен кейін бұл әділетсіз болғандай көрінді", - деп береді боксшының сөзін RT.

- Не ұнамайды?

- Бокс неге айналып бара жатқаны. Адамдар айқасуға емес, қашып, сытылып жүріп ұтуға тырысады. Бұлай жалғаса берсе, Олимпиададағы жекпе-жектер де ешкімге қызық болмайды. 

- Нені өзгерту қажет?

- Қалыпты қолғаптарды қайтару керек, қазіргілермен нокаутқа түсіре алмайсың. Олар тым жеңіл, жұмсақ. Белсенділікті, дәл соққы мен соққы сериясын бірінші кезекте бағалау қажет. Рингте қашып, бесінші бұрыш іздеп, қолды байлап, тек анда-санда ғана ұрғанды емес.

- Оралбаймен жекпе-жек Олимпиададағы Бенджамин Уиттакермен кездесуге ұқсас өткендей. Сіз бұл жолы да бірінші нөмірде жұдырықтасып, қысым жасадыңыз, ал қарсылас ашық айқастан қашты. Шынымен солай болды ма?

- Оралбай ғана емес, Кристиан Пиньялес те солай жұдырықтасты. Ол тактиканы Уиттакерден алғаны анық. Менімен ашық айқасудан қашу үшін бәрін істеді. Оларды түсінемін. Бірақ төрешілер мұндайды қалайша қолдайтыны ойыма қонбайды. 

- Кіммен қиындау болды - Оралбай немесе Уиттакер?

- Егер олардың бірі менімен ринг ортасында тұрып соққы алмасса және менен асып жатса, осылай сұрауға болады. Мұнда кімнің артына қуып жүру қиындау болды деген жөн (күледі). 

- Енді кіммен?

- Айту қиын. Екеуін де қуалап жүру оңай болмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport