Бокс
15 мамыр 11:26
 

Қасақана жасалып отыр ма? Қазақстандық боксшы жекпе-жексіз титулдан айырылды

Қасақана жасалып отыр ма? Қазақстандық боксшы жекпе-жексіз титулдан айырылды ©instagram.com/ali_boxing_kz

Қазақстандық боксшы Али Балоев (13-1-1, 8 КО) бірінші ауыр салмақта WBO Global титулынан айырылып қалды, деп жазады Vesti.kz

blog.share

Қазақстандық боксшы Али Балоев (13-1-1, 8 КО) бірінші ауыр салмақта WBO Global титулынан айырылып қалды, деп жазады Vesti.kz

Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желіде жазба жариялап, кінәлілерді атады. 

"Мен Али Балоев, қазақстандық кәсіпқой боксшы. 2023 жылы Қытайда WBO Global титулын жеңіп алдып, WBO рейтигінде 12-орынға тұрақтадым. 

Бүгінгі таңда уақытында қорғамағаным үшін мені титулымнан айырды!

WBO Global титулын Алматыда қорғау керек болғанмын, оны Hardcore Boxing қаржыландырып, ұйымдастырған. Алайда Алматы спорт басқармасы атынан Хайруллин Ерден Рашидович бокс кешін өткізуге рұқсат бермей отыр. Ақпан айынан бері ресми жауап бермей келеді, бірақ ауызша "жоқ" деп отыр. 2023 жылы Almaty Arena-да Hardcore лигасының болашақ қатысушылары сценаримен жекпе-жек өткізгенін сылтау қылып отыр. 

Салдарынан мен маңдай термен жеткен белбеуімнен айырылдым! Ал оған қаңтардан бері жаттығып жатырмын, дайындығыма қанша қаржы жұмсадым. 

Жеңіске жетсем негізгі белбеуге нөмірі бірінші үміткер болатын едім!

Менде Алматы спорт басқармасы мен ҚР Спорт министрлігіне сұрағым бар, әлемдік титулды өз Отанымда қорғау мүмкіндігінен айырылуға не себеп?!

Міне бізде кәсіпқой спортшының таңдыры осылай шешіледі", - деп жазыпты бкосшы Instagram желісінде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!