Бокс
Бүгін 09:15

Қарымтасын қайтарды. Қазақстандық боксшы Еуропа чемпионын нокаутқа түсірді

©Depositphotos/DmitryNiko

Қазақстандық боксшы Камила Оспанова Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымдастыруымен өтіп жатқан U-19 әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалда ол Еуропаның қазіргі чемпионы, хорватиялық Лорена Хорватты таза жеңді.

Қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті үшінші раундта тоқтатты. Нәтижесінде Оспанова техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық боксшы 2024 жылғы қаңтарда Сербияда өткен Nations Women's Cup халықаралық турнирінің финалындағы жеңілісі үшін Хорваттан қарымта қайтарды. Ол кезде хорватиялық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, Оспанова күміс жүлдегер атанған еді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport