Үш салмақтамәлемнің экс чемпионы украиналық Василий Ломаченко қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Трилогияда "Канело" мықты болды. Бір жағынан Геннадий де қартайып қалған секілді. Мен Головкинді аңыз боксшылардың қатарына жатқызамын. Спорттық карьерасын аяқтағаны дұрыс деп ойлаймын. Бірақ оны өзі шешеді", - дейді Ломаченко Fight Hub TV YouTube арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес үшінші рет қолғап түйістіріп, мексикалық былғары қолғап шебері төрешілер шешімімен жеңіске жетті.