Бүгін, 6 мамырда Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Дулат Бекбауов бірінші айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/16 финалдық айқаста 67 келіде өнер көрсететін Дулат румыниялық Андрей Мустетпен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша Бекбауов қарсыласын анық басымдықпен жеңді.
Айта кетейік, жекпе-жектен кейін румыниялық боксшының өзі қол шапалақтап Дулаттың айқын басымдығын мойындады.