Қарсыласының бәрін нокаутпен жеңген суперауыр салмақтағы қазақстандықтың келесі айқасы белгіленді

Иван Дычко. Сурет: The Heavyweight Factory©

Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко (10-0, 10 КО) жыл соңына дейін тағы үш жекпе-жек өткізуі мүмкін. Олимпиада жүлдегерінің алдағы жоспары туралы Vesti.kz тілшісіне оның менеджері Зия Алиев айтып берді. 

"Тамызда бір айқас ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл кездесуге дайындықты Майамиде өткізеді. Иван жекпе-жекті белгіленген уақытын толық жұдырықтасатындай мықты қарсылас таңдаймыз. 

Жыл соңына дейін белсенді болады. Тамызды есепке алмасақ, тағы екі айқас жоспарда бар. Жалпы үш жекпе-жек. Бұл жоспарымыз өзгеріссіз қалады деп үміттенемін", - дейді Алиев.

Еске салайық, 30 жастағы Дычко кейінгі жекпе-жегін 10 шілдеде Алматыда өткізіп, ресейлік Денис Бахтовты нокаутқа түсірген. Бұл оның екі жылдық үзілістен кейін рингке қайта оралуы болды және Қазақстанда өткізген бірінші кездесуі.