MTK Global Kazakhstan промоутерлік компаниясының баспасөз хатшысы әрі спорт журналисі Данияр Кәрімжан кәсіпқой рингте жеңіліс көрмеген Тұрсынбай Құлахмет (4-0, 3 КО) пен доминикандық Хуан Карлос Абреу (23-6-1, 21 КО) арасындағы айқас алдында пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Тұрсынбай оқу-жаттығу жиындарын Тұманды Альбионда өткзіді. Атап айтқанда Манчестер қаласында жаттықты, спаррингтер жасады. Алдағы жекпе-жегіне толыққанды дайын. Салмақ өлшеу рәсімі сәтті өтті. Бапкерлік штабпен қарсыласының әлсіз және мықты тұстарын зерттеді. Жалпы алғанда бүгінгі кездесуге толыққанды дайын. Барша қазақ елі Тұрсынбай Құлахметтен жеңіс күтеді. Командамыздың атынан Тұрсынбайға сәттілік тілеп жатқан отандастарымызға алғыс айтамыз", - дейді Данияр Кәрімжан.
Еске салайық, Тұрсынбай Құлахмет пен доминикандық Хуан Карлос Абреу шығатын бокс кеші елорда уақытымен 22:15 басталады.