Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында Қытай құрамасы атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқан алғашқы жекпе-жегін өткізді.
80 келіде жқдырықтасатын Тоқтарбектің қарсыласы Мексика боксшысы Эмилиано Редусиндо болды.
Бірінші раундта тәжірибесі аз мексикалық спортшы күтпеген жеңіске жетті – 4:1. Екінші үш минуттықта Тоқтарбек камбэк жасап, раундты өз пайдасына 4:1 есебімен аяқтады.
Осылайша, жекпе-жектің шешуші сәті соңғы, үшінші раундта анықталды, оның жеңімпазы Таңатқан болды. Ол келесі кезеңде Қазақстан құрамасындағы Нұрбек Оралбаймен кездеседі.