Екінші өте жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Ержан Залилов (13-3-2, 7 КО) рингке оралады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Boxrec мәліметінше, Ержан 23 шілде Екатеринбургте өтетін бокс кешіне қатысады. Залиловтың қарсыласы ресейлік боксшы Армен Атаев (6-4-1, 4 КО) болады. Бұл айқас сегіз раундқа есептелген.
Айта кетейік, Залилов кейінгі рет былтыр желтоқсан айында Нұр-Сұлтанда жұдырықтасты. Ол Қазақстанның кәсіпқой федерациясының чемпионы атағы үшін айқаста Ескендір Харсанды (9-2, 6 КО) нокаутқа түсірген еді.
Рингтен дәрігерлер алып кетті. Қазақстан чемпионы атағы үшін айқас ауыр нокаутпен аяқталды
Еске салайық, Ержан 2021 жылы Екатеринбургте өткен бір жекпе-жегін "қанды айқасқа" айналдырған. Алайда 2016 жылғы Олимпиада жүлдегері ресейлік Владимир Никитинмен болған сегіз раундтық жекпе-жек қортыныдсы бойынша жеңімпаз анықталмады.