Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Астанада өтіп жатқан Әлем кубогінің жартылай финалына жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Теміржановқа Жапониялық Шунсуке Китамото қарсылас болды.
Серік алғашқы раундты 4:1 есебімен сенімді түрде өз пайдасына аяқтады. Екінші раундта жапониялық боксшысы нокдаунға түскеніне қарамастан, бұл үш минуттық кезең толығымен оның еншісіне жазылды - барлық төреші ұпайды Китамотоға берді.
Үшінші раундта да жапониялық боксшы үстемдігін көрсетті. Нәтижесінде Китамото төрешілердің бөлек шешімімен жеңіп кетті - 3:2.
Айта кетейік, Серік Теміржанов – әлем чемпионатының (2021) және Азия чемпионатының (2022) күміс жүлдегері.
Жарнама