Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Бангкокта өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының (U-19 және U-22) финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өнер көрсететін Мұрсал 70 келіге дейінгі салмаққтағы жартылай финалда малайзиялық Мухаммад Арифф Айман Мохд Фаридті жеңді. Айта кетейік, жекпе-жек кезінде қазақ бкосшы қарсыласын бір мәрте нокдаунға түсірді.
Осылай қазақстандық боксшы финалда құрлықтық жарыстың алтынына таласатын болды.
Бұған дейін Нұрислам Қалдыбаев (60 кг) қарсыласын нокаутқа түсірді, ал филиппиндік боксшы жекпе-жектен бас тартып, қазақстандық Илья Калинин айққасыз финалға өтті.