Қарсыласын нокаутқа түсірген қазақ боксшы WBA чемпионымен айқасуға мүмкіндік алды

13 қыркүйек 2021 08:05
©Suleimen Promotions

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы екінші орта салмақта WBA чемпиондығына үміткер атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан астанасында өткен "Көшпенділер шайқасы 2" бокс кешінде Айдос гайаналық Аллен Ленноксті жеңгеннен кейін осы мүмкіндікке ие болды.

12 раундқа есептелген жекпе-жек оныншысында аяқталды. Айдос қарсыласын нокаутқа түсірді.

Еске салайық, бұл кештің кардында бірқатар қазақстандық боксшылар жұдырықтасты. Фируза Шарипова бокста еш тәжірибесі жоқ муай-тай чемпионынан басым түсті. Ауыр салмақтағы Данила Семенов карьерасында төртінші айқасын жеңіспен аяқтады. 21 жастағы Евгений Павлов екінші ең жеңіл салмқата WBA International титулын иеленді. Ал Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет екінші орта дивизионда WBA International белбеуін жеңіп алды.

 

="" Публикация="" от="" suleimen="" promotions="" (@suleimen_promotions_official)=""

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport