Қарсыласын нокаутқа түсірген қазақ боксшы қатарынан екінші титул жеңіп алды

©

Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (12-2, 5 КО) Чехия астанасы Прагада өткен бокс кешінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

30 жастағы қазақ боксшы 21 жастағы колумбиялық Эбер Тобарды (8-4-3, 3 КО) техникалық нокаутпен жеңді. Бұл жекпе-жекте Дәулет жартылай орта салмақта Чехия чемпионы атағын жеңіп алды. Ал өткен айқасында Дәукенов WBC ұйымының ТМД, славян және балтық елдерінің Бокс бюросы бойынша титулын жеңіп алған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар