Бокс
29 қазан 10:49

Қарсыласын нокаутқа түсірген қазақ боксшы жекпе-жектен "шеттелді"

©Видеодан кадр

Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы екінші орта салмақтағы боксшы Бек Нұрмағанбетті (13-0, 11 КО) қазан айының соңына дейін жекпе-жектерден шеттеді. 

Бұл алдын алуға бағытталған және боксшының қалыпқа келуі үшін қолданылатын медициналық сипаттағы шара. 

Бек кейінгі рет 26 қазанға қараған түні Сан-Джасинтодағы (Калифорния штаты, АҚШ) бокс кешіне қатысты. Қазақ боксшының қарсыласы "Бандит" лақап атты мексикалық Хоакин Мурриета Лусио (13-13-3, 11 КО) болды. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, алайда Бек қарсыласын екіншісінде нокаутқа түсірді. 

Лусио да бастапқыда қазан айының соңына дейін "шеттелген" еді, алайда кейін комиссия мерзімді 9 желтоқсанға дейін ұзартты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport