Қарсыласын есеңгіретті. Қазақ боксшы Өзбекстанда алтын жеңіп алды

©Olympic.uz

Өзбекстанның қазағы Руслан Абдуллаев бокстан ел чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

63,5 келідегі финалдық айқаста Русланның қарсыласы Мужибилло Турсунов болды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Абдуллаевқа берді. Ал бірінші раундта Руслан қарсыласын бір рет нокдаунға түсірген екен. 

Абдуллаев Ташкентте өткен 2023 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы. Сонымен бірге, ол 2022 жылы Амманда (Иордания) болған Азия чемпионатында алтын иеленген.

Абдуллаев - екі жыл бұрын Қазақстанға келіп, ұлттық құрама үшін өнер көрсеткісі келген, алайда оны қабылдамады да ол Өзбекстанға қайтты. 

 

 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport