Қазақстан бокс құрамасының капитаны Айбек Оралбай 2026 жылғы Азия ойындарында жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
90 келіден жоғары салмақтағы финал жолдамасы сарапқа салынған жекпе-жекте ол үндістандық Нарендермен кездесті. Үндістан боксшысы ширек финалда Таиланд боксшысы Адтхапонг Саенгтепті бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
Ал Оралбай ширек финалда қырғызстандық Мырзакир Қошалиевті төрешілер шешімімен жеңді.
Нарендер мен Айбектің жекпе-жегі алғашқы үш минуттан-ақ қазақстандық боксшының айқын басымдығымен басталды - 5:0. Екінші раунд та дәл осындай есеппен аяқталып, Оралбайдың пайдасына шешілді. Шешуші раундта ұлттық құрама капитаны қарсыласына кездесудің барысын өзгертуге мүмкіндік бермей, жеңіске жетті. Сонымен қатар ол Нарендерді нокдаунға түсірді.
Осылайша, Айбек Оралбай финалға шығып, күміс жүлдеге кепілді түрде жетіп отыр. Ал Нарендер Азия ойындарын қола жүлдегер ретінде аяқтады.
Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарындағы бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады.
Жарнама