Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 және 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының тағы екі боксшысы финалда жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
U-19 жас санатындағы 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Тимур Тайбеков Өзбекстан боксшысы Аброрбек Шәріповпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жектің алғашқы раундында қазақстандық қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсірді. Алайда екінші раундта өзбекстандық боксшы таразы басын теңестіріп, шешуші кезеңде басымдықты өз қолына алды. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Тайбеков жеңіліп қалды (0:4), Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Ал U-19 санатындағы 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Руслан Ахметов Өзбекстан боксшысы Сардорбек Бахромхужаевпен кездесті. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жектің қорытындысында төрешілер жеңісті 3:2 есебімен өзбекстандық спортшыға берді. Осылайша, Руслан Ахметов те құрлық біріншілігін күміс жүлдемен аяқтады.
Жарнама