Өткен демалыс Алматыда өткен бокс кешінде Арман өзбекстандық Мухитдин Раджапбаевпен (10-7-1, 7 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек он раундқа есептелген еді, алайда, қазақ боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Осылайша, Арман Рысбек BoxRec рейтингінде 201-ші орынға жайғасты.
Еске салайық, Алматыда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Қанат Ислам (26-0, 21 KO) WBO International белбеуі үшін намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) жұдырықтасқан еді.