Бокс
13 қаңтар 2020 10:01

Қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңген боксшы өзі де есінен танып қалды

Сурет: Allboxing
Техас штатындағы Сан-Антониода Golden Boy компаниясы ұйымдастырған бокс кеші өтіп, шоу андеркартында америкалық Джордж Ринкон мен аргентиналық Диего Перес жұдырықтасты.

Жекпе-жек тек бір раунд болды, осы уақытта Ринкон қарсыласын үш рет нокдаунға түсірген екен. 27 жастағы америкалық үшін бұл карьерасындағы оныншы жеңіс, әзірге ол жеңілген емес. 

Төреші жекпе-жекті тоқтатып, Ринкон өз бұрышына келгенде дірілдеп, есінен танып қалған. Бірнеше минуттан кейін боксшы есін жиған және өз күшімен аруханаға кеткен. 

Дегенмен неге бұлай болғаны белгісіз, өйткені Ринкон жұдырықтасу кезінде бірде-бір ауыр соққы алмады. Ал Перес осымен оныншы рет жеңілді, сонымен қоса, оның 13 жеңісі және бір тең түскен кездесуі бар.